Шымкентте 26 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады

0
2 406

Жыл соңында сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға өседі.


Шымкентте 26 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады

Биыл Шымкентте 26 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы 34 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылды. Жыл қорытындысы бойынша сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6%-ға жетті.
Қазіргі таңда қалада 81 елді мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Биыл 9 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Жыл соңында сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші 95,6%-дан - 98%-ға өседі. Сонымен қатар 3 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.