Республикамызда 5839 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында аймақтық форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында 2018 жылғы 22-23 тамыз күндері Шымкент қаласында партия тарихында алғаш рет «Бастауыш партия ұйымдарының» аймақтық форумы өтуде. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикамызда 5839 бастауыш партия ұйымдары жұмыс істейді, олар өз қатарларында 1 млн.-нан астам партия мүшелерін біріктіреді. Партия құрылымын жетілдіру мақсатында тұрақты түрде мүшелер саны аз ұйымдарды біріктіру арқылы БПҰ желісін оңтайландырупроцесі жүргізілуде.Бүгінгі күні БПҰ жалпы санының 51,3%-ын (3001 бірл.) партия мүшелерінің саны 3-тен 100 адамға дейінгі, 41,6%-ын (2432) 100-ден 500 адамға дейінгі бастапқы ұйымдар құрайды.Бастауыш партия ұйымы жұмысын ұйымдастырудағы негізгі роль БПҰ төрағасына берілген. БПҰ төрағаларын, партия мүшелерін тұрақты түрде партиялық оқытудың түрлі әдістерін қолдану арқылы (онлайн оқыту, семинар-тренингтер, соның ішінде көшпелі) оқыту жүзеге асырылады. 2017-2018 жылдары БПҰ төрағаларының 4 мыңға жуығы партиялық оқуға қатысқан.
Аталған, аймақтық форумға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан ірі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аумақтық филиал төрағаларының орынбасарлары, барлығы болып 250 жуық партиялықтар қатысты. Форум жұмысына арнайы келген «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова ұйымдастырылып жатқан жиынның маңыздылығына тоқталып өтті:
«Партия қызметін жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынған цифрландыруды жүзеге асыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру тәсілдері және бағдарламалық құжаттарды дайындауға айтылады. Сондай-ақ, партия кадрлық резервін қалыптастыру, еліміздегі жастар саясатын одан әрі жетілдіру, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылады. Партия мүшелері бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру жұмысына қатысты жаңа тұжырымда бойынша пікір алмасу, талқылау болады», - деді Тамара Дүйсенова.
Сондай-ақ, партия Хатшысы осындай форумдар тағы да еліміздің 3 өңірінде ұйымдастырылатын атап өтті. Онда бас қосқан бастауыш партия ұйым өкілдерінің «жаңа тұжырымдама» бойынша айтылған ұсыныстары, пікірлері жинақталып, олар қазан айында Астанада өтетін республикалық БПҰ-ның Форумында жарияланатынын айтты.
Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымы төрағалары үшін Партия Орталық аппараты құрылымдық бөлімдерінің басшылары, саяси менеджмент академиясының оқытушылары, танымал тренерлержәне саясаттанушылар «Сөз сөйлеу шеберлігі», «Саяси коммуникация», т.б. маңызды тақырыптарда тренингтер өткізді.