Белгілі кәсіпкер 62 жаста болатын.
Шымкентте белгілі кәсіпкер, қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымының экс-депутаты Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы дүниеден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қаза туралы экс-депутаттың туыстары хабарлады.
Рәшкүл Оспаналиева 1961 жылы Жамбыл облысы, Абай ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.
Алғаш еңбек жолын 1978-1979 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Шу ауданындағы Абай атындағы орта мектептің бастауыш сыныбында мұғалім болудан бастаған.
1984-1991жж. Шымкент астық өнімдері комбинатының өндірістік техникалық бөлімінде нұсқаушы-әдістемеші, инженер-метролог, аға инженер, цех лаборанты міндеттерін атқарған.
1992-1994жж. Шымкент қаласының №35 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарған.
1994-1996жж. жеке кәсіпкерлік саласында жұмыс жасаған.
1996-1998жж. астықты қайта өңдеу ісімен айналысатын «Қанат» ЖШС-нің директоры болған.
1998 жылдан бері асфальт-бетон шығаратын, автокөлік жолдары мен көпір салатын «Корпорация «Береке-А» ЖШС-нің құрылтайшысы, бас директоры, бас директорының кеңесшісі болып қызмет атқарып келген болатын.