Жаңа қаулы 25-қантардан бастап өз күшіне енеді.
Шымкентте карантиндік шектеулер 8-ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Тулебаевтың жаңа қаулысында айтылды.
Жаңа қаулыға сәйкес:
- мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылды;
- қоғамдық көлік қозғалысы 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелді;
- санитариялық-карантиндік және шектеу шаралары күшейтілді.
Жаңа қаулы 25-қантардан бастап өз күшіне енеді.