Бүгін мегаполисте індет жұқтырған 23 адам тіркелді.
Бүгін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 23 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 7-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 16-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
20.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 508 адам анықталды.