Шымкентте ұялы телефон ұрлаған күдіктілер ұсталды

0
613

Олар 30 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының және 37 жастағы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты.


Шымкентте ұялы телефон ұрлаған күдіктілер ұсталды

Шымкенттік полицейлер қарақшылық жасаған екі ер адамды ұстады, – деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Күдіктілер 23 сәуірде қала тұрғынының смартфонын күш қолданып, тартып алған. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеушісі Жалғас Халила криминалдық полиция, патрульдік полиция полкі және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде құқық бұзушыларды ізін суытпай анықтап, құрықтады.

Олар 30 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының және 37 жастағы Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Олардан ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінде (тонау) көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен екі ай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.