Шымкентте жыл басынан бері 200 адам құтқарылды

0
553

Қаладағы мамандар жыл сайын 2 мыңнан аса шұғыл шақырылымға шығады екен.


Шымкентте жыл басынан бері 200 адам құтқарылды

Шымкентте жыл басынан бері 200 адам құтқарылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл Шымкент қаласы ТЖД баспсөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова мәлімдеді.

Елімізде жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам төтенше жағдай тіркеледі. Құрамында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, кинологтар, дәрігерлер, психологтар, ұшқыштар кіретін қызметкерлер төтенше жағдайларды жойып, өрттерді сөндіреді.

Халық пен мүлікті құтқарады. Жылда орын алатын оқыс оқиғалардың 15 мыңы өрт жағдайларына қатысты дейді құзырлылар. Жыл сайын төтеншеліктер 8 мың азаматты құтқарып, 20 мыңнан астам адамды эвакуациялайды екен. Онымен қоса 4 мыңнан аса зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі. Ал Шымкентте жыл сайын 200 – дей төтенше жағдай тіркеледі екен.

Айта кетейік, қаладағы мамандар жыл сайын 2 мыңнан аса шұғыл шақырылымға шығады екен. Қазір бұл салада 880 адам жұмыс істейді. Өрт сөндіруге арналған 100-ге жуық техника қолданыста. Жуырда Белоруссиядан 30 арнайы техника мен 17 автокөлік алдырылыпты.