Шымкенттік полицейлер тәртіп бұзған 112 жасөспірімді ұстады

0
1 416

Бұл іс-шараны Қаратау, Еңбекші, Абай ауданының Полиция басқармалары жүргізген.


Шымкенттік полицейлер тәртіп бұзған 112 жасөспірімді ұстады

Шымкент қаласы аумағында полиция қызметкерлерімен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 8-10 күндері аралығында қала аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстарды, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде болу жайтын анықтау. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды (атыс, суық қару, денсаулыққа зиян келтіре алатын басқа заттар, есірткі және психотроптық заттар) тәркілеу.

Аталған іс-шара барысында Қаратау, Еңбекші, Абай ауданының Полиция басқармалары Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторларымен «Агро колледж», «Авиценна» медициналық колледжі, «№3 Техникалық-индустриалдық коледжінің» студенттеріне «Жасөспірім арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның екі күндік қорытындысы бойынша Ішкі істер органдарына 112 жасөспірім жеткізілді.

Рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 28 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген – 84 жасөспірім және қоғамдық орында мас күйде болған – 2 жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің 1 бұзақылық жайты және кәмелетке толмаған жасөспірімге алкоголь өнімін сатқан 2 және темекі өнімін сатқан 1 жеке кәсіпкер анықталған. Сонымен қатар, құқықбұзушылыққа бейім – 20 жасөспірім және 2 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды.

дереккөз: Шымкент қалалық ПД-нің баспасөз қызметі