​ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

0
55

Әлеуметтік жауапкершілік аясында Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй құрылысын бастау да жоспарланған.


​ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков энергетикалық жүйені тұрақты дамыту мақсатында «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамет Ыдырысовпен кездесті.

Кездесу барысында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.

Екіжақты серіктестік қала энергетикалық инфрақұрылымын кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жаңғыртуды қамтиды. Бұл қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктеріне сай тұрақты әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, электр көлігі инфрақұрылымын жақсарту маңызды міндеттердің бірі. Биыл меморандум аясында қалада алғашқы электр қуаттау станциясы орнатылады. 2026 жылға дейін олардың санын онға жеткізу жоспарланып отыр.
Энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру және қаланың жаңа шағынаудандарында өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін қуаттылығы 80 МВт жаңа төмендету қосалқы станциясы салынады
Сонымен қатар, 336 км тарату желілерін қайта құру, 139 трансформатор бекетін жаңарту, 50 трансформаторды ауыстыру және үш қосалқы станцияда релелік қорғанысты жаңарту жұмыстары атқарылады.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй құрылысын бастау да жоспарланған.
Меморандум аясындағы жобаларды жүзеге асыру қала экологиясын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және энергетика секторына қосымша инвестиция тартуға елеулі үлес қосады.
Кездесу соңында «біз үшін Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету аса маңызды», - деді әкім.
Бөлісу