"Жастар қауіпсіздік үшін": Шымкентте зейнеткерлерге көмек көрсетілді

0
487

Акция барысында жастар мүгедектерге, жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға көмек көрсетуде.


Шымкент қаласында "Жастар қауіпсіздік үшін" акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің ТЖ жою бөлімінің бастамасымен қалада "Жастар қауіпсіздік үшін" акциясы жарияланған еді. Акция барысында жастар мүгедектерге, жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларға көмек көрсетуде.

Аталған акцияны Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы жалғастырып, Төтенше жағдайлар мамандарының ұйымдастыруымен Көксай-2 елдімекенінде зейнеткер әжеге көмек көрсетілді.
Өрт сөндіру бөлімінің мамандарымен бірлесіп Төтенше жағдайлар басқармасының инспектерлық құрамы ауладағы ағаштарды жарып, қысқа отындық жинауға көмек берді.
Төтенше жағдайлар өкілдері үй иелігін өртке қарсы ұстау бойынша ұсыныстар мен күзгі-қысқы жылыту кезеңі қарсаңында пешпен жылытуды қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерін еске салды.