Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

0
1 171

Балуандар бір апта бойы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен бақ сынайды.


Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды

ERNUR.KZ. Бүгін Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі жалауын көтерді, деп жазады ҚазАқпарат.

Балуандар бір апта бойы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен бақ сынайды.

Еркін күрес шеберлері 20-22 қараша күндері боз кілемге шығады. 20 қарашада 57, 61, 86 салмақтағы балуандар чемпиондарды анықтайды. Ал 21 қарашада 65, 70, 97 келі салмақтағы балуандар белдессе, 22 қарашада 74, 79, 92, 125 келі салмақтағылар шеберлік байқасады.

Әйелдер күресінен 23 қарашада балуандар алдымен 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 келі салмақта іріктеу кезеңінде бақ сынаса, одан кейін жартылай финалда және финалда кездеседі.

Грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша күндері бозкілемде бәсекеге түседі. Атап айтқанда, олар 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130 келі салмақта жүлдеге таласады.

Qazsport телеарнасы күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының соңғы екі жарыс күнін 25-26 қараша күндері көрсетуді жоспарлап отыр.