Бейжің-2022: Қазақстандықтар Олимпиада жарыстарын 3 ақпанда бастайды

0
729

Олимпиада орындарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған.


Бейжің-2022: Қазақстандықтар Олимпиада жарыстарын 3 ақпанда бастайды

ERNUR.KZ. Алайда керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді, деп жазады 24.kz.

Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды. Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды.

Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады. Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.