БЕЙЖІҢ-2022: Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгеріс бар

0
756

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгерістер орын алды.


БЕЙЖІҢ-2022: Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы сапында өзгеріс бар

ERNUR.KZ. Ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыста Иван Аржаниковтің орнына Дмитрий Морозов шығады, деп жазады Olympic.kz.

«Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден командада өзгеріс бар. Иван Аржаников денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайды. Оның орнына Дмитрий Морозов шығады деп шештік. Әрине, бұл Морозов үшін айтарлықтай ыңғайлы жарыс емес. Бірақ ол соңғы кездері 1500 метрде өзін жақсы көрсетіп жүр. Сондай-ақ, бұл бәсеке масс-старт алдында жақсы дайындық болмақ», - деді бас бапкер Дмитрий Бабенко.

Айта кетелік, ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыс ертең Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өтеді.