Қазіргі таңда қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады.
ERNUR.KZ. 2022 жылғы Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы ертең, яғни 27 қаңтар күні аттанады, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазіргі таңда қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады.
Ал шетелдерде оқу-жаттығу жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге сол өздері тұрған елден төте ұшып барады.
Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада еліміздің намысын 34 спортшы қорғайды. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спортттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен жүлделі орындарға таласады.
Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталып, 16 ақпанда мәресіне жетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының толық құрамы белгілі болғанын жазған болатынбыз.