5 қазанда E, F, G, H тобындағы командалар жасыл алаңға шықты.
ERNUR.KZ. Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші туры мәресіне жетті, деп жазады ҚазАқпарат.
5 қазанда E, F, G, H тобындағы командалар жасыл алаңға шықты.
Бұл күні негізгі кездесу E тобындағы «Челси» (Англия) мен «Милан» (Италия) командалары арасында өтті. Ағылшындық клуб алғашқы екі турда сәтсіз ойнады. Небәрі бір ұпай жинаған команда турнир кестесінде көш соңында тұрған болатын. Ал италиялық төрт ұпаймен бірінші орынға жайғасты.
Ойын барысында «Челси» қарсыласын 3:0 есебімен ойысарата жеңді. Нәтижесінде төрт ұпаймен турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.
Сондай-ақ, Англияның «Манчестер Сити» командасы даниялық «Копенгагенді» 5:0 есебімен сүріндірсе, испаниялық «Реал Мадрид» Украинаның «Шахтер Донецк» клубынан 2:1 есебімен басым түсті.
Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:
E тобы: «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Динамо Загреб» (Хорватия) 1:0, «Челси» (Англия) - «Милан» (Италия) 3:0
F тобы: «Лейпциг» (Германия) - «Селтик» (Шотландия) 3:1, «Реал Мадрид» (Испания) - «Шахтер Донецк» (Украина) 2:1
G тобы: «Манчестер Сити» (Англия) - «Копенгаген» (Дания) 5:0, «Севилья» (Испания) - «Боруссия Дортмунд» (Германия) 1:4
H тобы: «Бенфика» (Португалия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) 1:1, «Ювентус» (Италия) - «Маккаби Хайфа» (Италия) 3:1
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Бавария» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті.
Сондай-ақ 6 қазанда UEFA Еуропа лигасы және Конференция лигасы үшінші тур ойындары өткізіледі.