Қазақстан құрамасы 24 және 29 наурызда Ұлттар лигасында өтпелі кездесуін Молдоваға қарсы өткізеді.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы еліміздің легионерлер құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.
Аталған кездесуде ұлттық құрама ойыншылары қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Олардың қатарынан Асхат Тағыберген (5-минутта) және Оралхан Өміртаев (21-минутта) мергендігімен танылды.
Оған легионерлер сапынан Кирилл Сидоренко 60-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы 24 және 29 наурызда Ұлттар лигасында өтпелі кездесуін Молдоваға қарсы өткізеді.
Алдымен қарсыластар алаңында шеберлік байқасса, одан кейін елордада тағы кездесу өткізеді.
Жеңімпаз құрама алдағы маусымда С лигасындағы орнын сақтап қалады.