Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын жариялады

0
1 065

GGG соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізді.


Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегіне қалай дайындалып жатқанын жариялады

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 18 желтоқсанда поляк спортшысы Камил Шереметамен жекпе-жек өткізеді. Ол өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды. Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек пандемияға байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды. Әу баста сәуір айында өтеді деп жоспарланған еді, деп жазады Azattyq Rýhy.

GGG соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.

Еске салайық, GGG мен Шеремета Холливуд қаласындағы (АҚШ, Флорида штаты) Hard Rock Holly казино-қонақүйінде кездеседі. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.