20 жылдан кейін қайта сарапқа салынған Қазақстан чемпионы үшін жекпе-жек Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде өтті.
ERNUR.KZ. Екінші жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ескендір Харсан отандасы Ержан Залиловпен жекпе-жектегі ауыр нокауттан кейін Instagram желісінде пост жариялады, деп жазады Vesti.kz.
"Ассаламалейкум бәріне! Менде бәрі жақсы, Альхамдулиллах. Мен үшін алаңдап жатқандардың бәріне алғыс білдіремін, бұл бокс - мұндай болып тұрады", - деп жазыпты ол.
20 жылдан кейін қайта сарапқа салынған Қазақстан чемпионы үшін жекпе-жек Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде өтті. Екінші раунд соңында Залилов Қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Ескендірге рингте дәргерлердің көмегі қажет болды.
Бұл белбеуді Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы сарапқа салды. Соңғы рет ол 2001 жылы ойнатылған болатын.