Футбол клубын ашуға қажет құжаттардың барлығы әділет органдарында тіркелген.
ERNUR.KZ. Бүгін, 22 желтоқсанда, "Aqtobe City" футбол клубының ресми ашылуы өтті, деп жазады vesti.kz.
Футбол клубын ашуға қажет құжаттардың барлығы әділет органдарында тіркелген. Енді клуб басшылығы Қазақстан футбол федерациясы сертификациясынан өтуі үшін керек құжаттарды жинауға кірісіп кеткен. Жаңа клубтың ерекшелігі - ойыншылардың барлығы жершілікті футболшылар.
Команда келер жылдан бастап екінші лигада бой көрсетеді деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, ҚПЛ-де өнер көрсететін Ақтөбе 2021 жылғы маусымды турнир кестесінде алтыншы болып аяқтады.