Қос алтынның бірін Аманғали Бекболатов иеленсе, екінші бас жүлдені Демеу Жадыраев қанжығасына байлады.
ERNUR.KZ. Францияда грек-рим күресінен өткен Гран-при бәсекесінде қазақстандық балуандар 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтар болсақ, қос алтынның бірін 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Аманғали Бекболатов иеленсе, екінші бас жүлдені 77 келіге дейінгі санатта сынға түскен тағы бір балуанымыз Демеу Жадыраев қанжығасына байлады.
Ел қоржынына күміс медальді 130 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Нұрмахан Тінәлиев салды. Ал екі қола медальдің бірін 55 келі салмақта белдескен Жансерік Сәрсенбиев жеңіп алса, екінші «қолаға» 67 келілік Алмат Кебіспаев ие болды.
Айта кетейік, аталған турнир 18-19 қаңтар күндері Францияның Ницце қаласында өтті.