Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа» кубогы өтті.
ERNUR.KZ. Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Аталған салмақ дәрежесінде қазақстандық Валентина Хальзова топ жарды. Ол финалда ресейлік Галина Головченконы 4:1 есебімен ұтты.
Айта кетерлігі, бокстан әйелдер құрама командасы аталған жарысты екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлдемен аяқтады.
Әйелдер арасында қазақстандық жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі келесідей:
Алтын
Назым Қызайбай (50 кг);
Валентина Хальзова (70 кг).
Күміс
Дина Жоламан (54 кг);
Ләззат Күйгенбаева (+81 кг).
Қола
Надежда Рябец (75 кг);
Дариға Шәкімова (66 кг);
Анастасия Баязитова (81 кг);
Римма Волосенко (60 кг).