Бапкердің сөзінше, жанжалды бастаған боксшы екен.
ERNUR.KZ. "Балта" лақап атты ресейлік спортшы Максим Щербаков бұрынғы бапкері Альберт Кармазянмен төбелесті, деп жазады vesti.kz.
Оқиға Щербаковтың отандасы Максим Новоселовпен жекпе-жектеy кейін болған. Бокс ережесі бойынша өткен бұл кездесуде "Балта" екінші раундта техникалық нокаутпен жеңілді. Кикілжің шешінетін орында болған. Алдымен ер адамдар бір-біріне дауыс көтере бастады, артынан жанжал төбелеске ұласты. Салдарынан Максимнің мұрны сынып, бас миы шайқалған.
Бапкердің сөзінше, жанжалды бастаған боксшы екен.
"Адамның агрессиясы артып тұрған сияқты. Өзін адекват ұстамады. Ал мен жеке қауіпсіздігім үшін ғана әрекет еттім", - дейді Кармазян.
Сонымен қоса, маман төбелестен кейін боксшымен сөйлесіп, арадада ешқандай қайшылықтар қалмағанын айтады.