Карьерасы толықтай RCC лигасында өткен 30 жастағы Хамзиннің бұл тоғызыншы жеңісі.
Ресейлік қазақ Іляс Хамзин (9-2) RCC Intro 19 турнирінде жеңіске жетті. Екатеринбургте өткен кештің басты айқасында ол бразилиялық Луан Сантьягомен (16-6) жұдырықтасты, деп жазады Vesti.kz.
Үш раундқа есептелген жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен омбылық файтердің пайдасына аяқталды - 29:28, 28:29, 29:28.
Бірінші раундта Іляс нокдаунға түсіп қалды, алайда, есін жиып алды. Ал үшінші раундта ол бразилиялықтың өзін бірнеше рет есеңгіретіп жіберді.
Карьерасы толықтай RCC лигасында өткен 30 жастағы Хамзиннің бұл тоғызыншы жеңісі. Ал 27 жастағы Сантьяго алтыншы рет жеңіліп отыр.