Олимпиадаға Қытай атынан шыққан қазақ қызы қазақстандықтарға ана тілінде үн қатты

0
728

2022 жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ақнар Ардақ сұлулығымен түрлі елден келген жанкүйерлерді тәнті еткен еді.


Олимпиадаға Қытай атынан шыққан қазақ қызы қазақстандықтарға ана тілінде үн қатты

ERNUR.KZ. 2022 жылғы Олимпиада ойындарында Қытай атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Ақнар Ардақ қазақстандықтарға ана тілінде үн қатты, деп жазады Vesti.kz.

"Қолдап жатқандарыңызға ерекше алғыс. Бүгін жақсы сырғанап шықтым. Мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келдім. 11 жастан бастап коньки тебемін. Отбасым қазір теледидардан жарысымды көріп отыр. Қазақстаннан келген достарымның жақсы нәтижеге жетуін тілеймін", - деді ол.

Еске салайық, 2022 жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Ақнар Ардақ сұлулығымен түрлі елден келген жанкүйерлерді тәнті еткен еді.