Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алып, В тобына жолдама алды.
ERNUR.KZ. Ұлттар лигасында футболдан Қазақстан құрамасы қанша пайда тапқаны белгілі болды, деп жазады vesti.kz.
Бұл турнирге қатысқаны үшін Қазақстан С дивизионындағы басқа құрамалар сияқты нақты 1,125 миллион еуро нақты сыйақы алды.
Ал С дивизионында жеңіске жеткені үшін жоғары сомма екі еселенді. Яғни, жалпы сыйақы 2,25 миллион болды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алып, В тобына жолдама алды. Осылайша, біздің құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына таласуға мүмкіндік алды.