​ПЕДИКЮРді өзіңіз-ақ жасай аласыз!

0
2 390

Аулаңызда өсіп тұрған раушан гүлінің бірнеше күлтесін салып жіберсеңіз, сұлулық салонындағы «жағдай» бір бұрышта қалып кетеді.


​ПЕДИКЮРді өзіңіз-ақ жасай аласыз!

Жаздық аяқ киім киетін уақыт та таяп келеді. Ашық аяқ киімнен әдемі аяқтың көрініп тұруы үшін жаны сұлулыққа құмар кез-келген келіншек аяқтың күтімін де қалыс қалдырмаса керек.

Өкшенің жарылуы секілді проблемалар қазір жиі кездесіп тұрған жоқ. Арагідік кездесіп қалса да, өкшені жауып тұратын аяқ киімдермен проблеманы шешуге болады...қазірше...


Ал, артық қаражат жұмсап, сән салондарына арнайы барып, педикюр жасатпақ болып жүрсеңіз, ойланыңыз! Аяғыңызды әдемі етіп бояу, педикюр жасау өзіңіздің де қолыңыздан келеді.

Тек қана өзіңіздің ынтаңыз болса және қажетті құрал-жабдықтарыңыз болса, жеткілікті.


1 қадам: Жұмсарту

Тері күймейтіндей ыстық сумен толтырылған аяғыңыз батып тұратындай ыдысқа (тазик) 3 шай қасық ас содасы, 1 ас қасық теңіз тұзы және бірнеше тамшы эфир майын тамызыңыз.

Бұл процесс сізге жағымды көңіл-күй сыйлауы үшін арнайы ваннаға арналған көбік немесе аздаған мөлшерде жұпар иісті сусабын қосуыңызға да болады.

Аулаңызда өсіп тұрған раушан гүлінің бірнеше күлтесін салып жіберсеңіз, сұлулық салонындағы «жағдай» бір бұрышта қалып кетеді.

Орындыққа жақсылап жайғасудан алдын жаныңызға қайнаған суды әкеліп алыңыз. Өйткені, шылапшындағы су салқындай бастағанын сезсеңіз, үстіне қайнаған суды құйып отыруыңыз үшін қажет болады.

Аяқтың тырнағы мен өкше терісінің толықтай жұмсаруы үшін бізге 20-30 минут жеткілікті.


Ескеріңіз:

Мұны жүкті әйелдерге және варикоздың асқынған түрінде қолдануға болмайды.


2-қадам: Пилинг

Ең алдымен, жұимсарып тұрған тырнақты абайлап егеулеңіз. Одан соң пемзаның көмегімен өкше және табандағы, башпайлардың айналасындағы қатты (өлі) терілерді қырнап алып тастаңыз.

Бамбук таяқшасымен тырнақтарыңызды аздап көтеріп қойыңыз. Тырнақ айналасындағы етті маникюр жасағандай кесіп алып тастауға болмайды.


3-қадам: «Тегістеу»

Аяқты және әр бармақты жақсылап уқалай отырып, нәрлендіргіш крем жағып шығыңыз. Әр аяғыңызды 5 минуттан уқалап, жылы шұлық киіп алыңыз да, 20 минут тынығып жатыңыз. Босқа жатпай, баяу немесе өзіңізге ұнайтын бір әуенді қосып қойыңыз. Өйткені, қобалжудың, жүйкенің ширығуының алдын алуыңыз тиіс. Әйтпесе, қолыңыз дірілдеп лак жағу кезінде тырнақтың сыртына шығарып жіберуіңіз мүмкін ғой.


4-қадам: Бояу

Бұл соңғы қадам. Тырнақты киіміңізге, аяқ киіміңізге сәйкестендіріп әлде өзіңізге қатты ұнайтын түсті таңдаған болсаңыз, іске кірісіңіз.

Бір қабатын жағып болғаннан кейін лақтың әбден кепкенін күтіңіз немесе тырнақ бояуын кептіретін құрал үйіңізде бар болса, оның көмегімен тез кептіріп алуыңызға болады.

Содан соң ғана екінші қабатын қайталап жағуыңызға болады. Педикюр үшін қолданылған құрал-саймандарды жуып-тазартып, дезинфекциялап, процесті аяқтаңыз.


Одан бөлек, әр күн сайын жуылған аяғыңызға крем жағып жататын болсаңыз, өкше жарылуының алдын аласыз. Сонымен қатар, аяғыңыз өте әдемі, бөбектікіндей балғын терінің иесі атанасыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR. KZ

Тағы да оқыңыз:


Голливудтық косметологтың сұлулық сақтаудағы 8 КЕҢЕСІ

МАНИКЮР түріне қарап ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ екеніңізді білуге болады