​МАҚТААРАЛ: Тасқын сумен ағып келген балықтардан бірнеше бактериялар анықталды

0
1 219

Балықтар жеуге жарамсыз.


​МАҚТААРАЛ: Тасқын сумен ағып келген балықтардан бірнеше бактериялар анықталды

Сардоба су қоймасынан Мақтаарал ауданы аумағына ағып келген топан судағы балықтар жеуге жарамсыз. Бұл туралы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» мамандары жасаған қорытындыға сай мәлім болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Зертхана мамандарының айтуынша, топан судағы балықтардың ішкі ағзаларынан бактериялардың бірнеше түрі бар екені анықталған.
«Біз 12 мамыр күні су басқан елдімекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 4 дана балықты «Республикалық ветеринариялық зертханасына» жіберген болатынбыз. Бүгін қолымызға сараптама қорытындысы келіп түсті. Осы қорытындыға сай біз су басқан аумақтарда балық аулауға болмайтынын ескертеміз. Сонымен қатар, балық аулау фактілерінің тіркелмеуін қадағалаймыз» , - Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай.
Осыған орай Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы сарқынды сулардағы балықтарды аулап, көзін жою жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, халық арасында сарқынды судағы балықтарды аулауға, тұтынуға болмайтыны жөнінде насихат жұмыстары жалғасуда.