ОҚО әкімі «Медицина қызметкерлерінің күнінде» жедел жәрдем көліктерін табыс етті

0
2 075

«Медицина қызметкерлерінің күні» ОҚО әкімі өңірдегі ауруханалар мен емханаларға 47 «Жедел жәрдем» қызметіне арналған көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Жаңа автокөлік науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.


ОҚО әкімі «Медицина қызметкерлерінің күнінде» жедел жәрдем көліктерін табыс етті

ОҚО-да «Медицина қызметкерлерінің күні» 15 – маусым күні салтанатты түрде атап өтілді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев медицина қызметкерлері күні кәсіптік мерекесіне орай денсаулық сақтау саласының бірқатар қызметкерлерін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сондай-ақ медицина саласының қызметкерлеріне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі мен «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілері табысталды.

«Медицина қызметкерлерінің күні» ОҚО әкімі өңірдегі ауруханалар мен емханаларға 47 «Жедел жәрдем» қызметіне арналған көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Жаңа автокөлік науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, жедел жәрдем қызметінің және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің санитарлық автопаркін жаңалау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің ірі өңірлерінің бірі. Облыстың денсаулық сақтау саласында қазіргі уақытта 7 мыңнан астам дәрігер мен 25 мың мейірбике еңбек етеді.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтаудың дамуы жаңа кезеңге – институттық қайта құрулар, денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру, саланың барлық деңгейінде кадрлар әлеуетін дамыту, халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы медициналық қызметтер көрсету кезеңіне енуде.