ОҚО тәртіп сақшыларының жедел-профилактикалық тексеру жүргізу барысында қаруды заңсыз алып жүрген азамат ұсталды,-деп хабарлайды kz.otyrar.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОҚО тәртіп сақшыларының жедел-профилактикалық тексеру жүргізу барысында қаруды заңсыз алып жүрген азамат ұсталды,-деп хабарлайды kz.otyrar.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары Маятас елдімекенінің маңында «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізуші 35 жас шамасындағы азаматты тінту барысында, көлік ішінен 16 калибрлі аңшылық қаруы және 16 калибрлі 47 дана мен оқ-дәрілер анықталып, тәркіленіп алынды. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды.
Қазіргі таңда аталған жайт негізінде қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.