ERNUR.KZ. Көктем мезгілі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл күні 708,8 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылған.
ERNUR.KZ. Көктем мезгілі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл күні 708,8 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылған. Сонымен қатар тазалық шарасы барысында 50192,5 шаршы метр жол жиегі мен 61907 метр ирригациялық арықтар тазаланған. Бұл сенбілікке 93 арнайы техника жұмылдырылған.
Тазалық шарасына 16 мыңнан аса қала тұрғыны атсалысты. Осы ретте Шымкент қалалық әкімдігі шаһар тұрғындарын үшінші мегаполис атанудың шақ алдында тұрған облыс орталығының тазалығын сақтауға шақырады. Айта кетерлігі, Шымкент қалалық әкімдігі жыл сайын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында тек ер-азаматтардың қатысуымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырып келетін. Биыл бұл дәстүр жалғасын таба ма, жоқ па, алдағы уақыт еншісінде.