Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдем мен полицияның 31 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды.
Түркістан облысында құдықтың құбырына құлаған 29 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туылған азаматтың Түркістан облысы, Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түскен.
«Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды. Құтқару жұмыстарына ТЖД, жедел жәрдем мен полицияның 31 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызмет.