Мемлекеттік кірістер органдары өз құзіреті шеңберінде тұрақты түрде бақылау жұмыстарын да жүзеге асырады.
Түркістан облысы бойынша 2022 жылдың 1-жартыжылдығында салықтық түсімдер 182 млрд 757 млн теңгеге жетіп, бюджет жоспары 105,3% орындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Кеңесбекұлы мәлімдеді.
Мемлекеттік кірістер органдары өз құзіреті шеңберінде тұрақты түрде бақылау жұмыстарын да жүзеге асырады. Сонымен қатар, тәуекелдерді басқару жүйесі кеден аумағына тауарларды кіргізу, шығару және транзитпен өткізу кезінде декларацияларды рәсімдеу барысында пайдаланылады.
«Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» пилоттық жобасына сәйкес, былтыр 1 682 шағым түссе, оның 1 391-і расталып, шағым иелеріне ақшалай сыйақы берілді. Сондай-ақ, App Store және Play Market жүйелерінен жүктеуге болатын «E-salyq Azamat», «Е-Salyg Business» тегін мобильді қосымшалары ел арасында кеңінен қолданылады. Мәселен «e-Salyg Azamat» қосымшасын облыстың 181 421 тұрғыны пайдаланса, «Е-Salyg Business» қосымшасын 29 045 жеке кәсіпкер қолданған», - деді Еркін Кеңесбекұлы.