ТҮРКІСТАН: Аққұм ауылында мәдениет үйі бой көтеріп жатыр

0
1 082

Бірнеше нысанның құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Аққұм ауылында мәдениет үйі бой көтеріп жатыр

Отырар ауданына қарасты Аққұм ауыл округы күн санап көркейіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданына қарасты Аққұм ауыл округінде 1500-ден астам адам қоныстанған. Ауылда бүгінде бірнеше нысанның құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.


Биылғы жылы Аққұм ауылында 100 адамға арналған Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталып, қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты «Азамат құрылыс» ЖШС бас мердігер ретінде жүргізуде.


Бүгінде нысанның бірінші қабырғалары түгел тұрғызылып бітіп, сырлау жұмыстары қолға алынды. Құрылыс басында 10-тан астам жергілікті азамат жұмыс істеуде. Құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Мәдениет үйін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.


Сонымен қатар, жуық арада Аққұм ауылында жазғы футбол алаңша құрылысы салынбақ.