Жарылыс салдарынан бір адамның аяғы және қолының саусақтары жарақаттанған.
Арыс қаласында үй ауласындағы қоқысты өртеу кезінде белгісіз зат жарылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Аталған оқиға 2019 жылдың 8 тамызында сағат 18.15-те үй ауласындағы қоқысты өртеу кезінде орын алған. Жарылыс салдарынан үй иесінің аяғы және қолының саусақтары жарақаттанып, жергілікті ауруханада алғашқы медициналық көмек көрсетілген.
Сондай-ақ, қазір оқиға орнында барлық жауапты қызметкерлер жұмыс істеп жатыр.