Төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.
Түркістан облысында төсек-орын, дәрі-дәрмек, ИВЛ аппараты жеткілікті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Түркістан облысы эпидемиологилық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта». 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын дайын. COVID-19 инфекциясы өршіген жағдайда оның көлемін 6 есе арттыруға мүмкін бар. Яғни түрлі жағдайға байланысты инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар»,– деді облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы.
Соңғы мәлімет бойынша, өңірде COVID-19 расталған 131 жағдай тіркелген. 66 адам үй карантинінде. Өсу тәулігіне 0,25% құрайды. Пандемия басталғалы барлығы 3889 жағдай тіркелсе, оның 2436-сы симптомсыз ауырғандар. Емделушілердің 47%-ы әйелдер. Осы уақыт аралығында жарты миллионға жуық азаматтан ПТР зертханалық сынақтары алынған. Облыс бойынша дәрі-дәрмек пен ИВЛ аппараты жеткілікті. Алаңдауға негіз жоқ.