Аудандық соттың шешімімен тұрғын 2 жылға сотталды.
Түркістан облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғынын ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол әлеуметтік желілерде Қазақстанда тыйым салынған деструктивті ағым көшбасшыларының аудиожазбаларын таратты деген күдікке ілінді.
"Полицейлер бұл деректі Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігіндегі "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Заттай дәлел ретінде тәртіп сақшылары аудиожазбаларды алып, сараптамаға жіберді", - делінген хабарламада.
Тергеу материалдары шешімін қабылдану үшін сотқа жіберілді.
Аудандық соттың шешімімен Бәйдібек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.