Жасанды шұңқыр – сумен толтырылған карьер.
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына қарасты Шалдар ауылының маңында қайғылы оқиға орын алды. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, балалар үнемі шұңқыр маңында ойнайтын болған. Сөйтіп, 2012 жылғы бала шомылу үшін суға секірген. Ал, оның батып бара жатқанын көрген екінші бала көмектесуге ұмтылған. Нәтижесінде екі бала да суға батып кеткен.
"Жасанды шұңқыр карьер суымен толыққан, ені 20 метр, ұзындығы 50 метр, тереңдігі 2 метр болады. Жергілікті тұрғындар 2012 жылы туған екі баланың денесін судан алып шықты. Олар шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Балалар шамамен 17.30-да батып кеткен. Оқушыларды іздеуге Төтенше жағдай департаментінің 4 қызметкері, 1 техникасы, Полиция департаментінің 20 қызметкері және 6 техникасы, жергілікті тұрғындар, балалардың туыстары жұмылдырылды", - дейді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.