ТҮРКІСТАН: «Қамқорлық» жобасымен 60-қа жуық отбасы көмек алып жатыр

0
1 845

Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған.


ТҮРКІСТАН: «Қамқорлық» жобасымен 60-қа жуық отбасы көмек алып жатыр

Төлеби ауданында «Қамқорлық» жобасы аясында 60-қа жуық отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Төлеби ауданында да жүзеге асуда. Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы аса төмен, көмекке мұқтаж тұрғындарға көмектесу. Қазіргі таңда аудан бойынша жағдайы төмен 59 отбасының тізімі жасақталған.

Тұрғылықты мекен-жайларына қарай әр отбасыны келісімдері бойынша аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және кәсіпкерлер өз қамқорлықтарына алып, кураторлары ретінде бекітілді. Кураторлар 59 отбасыға қажет жағдайда азық-түліктер, қатты отын жеткізіп, заң аясында құжаттарын рәсімдеуге, заңдастыруға көмек беретін болады.

Қазіргі таңда аудан көлемінде жалпы 139 отбасыға 3 млн. теңгеге жуық әртүрлі көмек көрсетіліп отыр. Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайға тап болған 59 отбасыға кураторлар көмегімен 1 миллионнан аса теңгенің көмегі көрсетілді. Сондай-ақ аудандық этномәдени бірлестіктер 8 отбасыға 150 мың теңгенің азық-түлігін таратса, Жастар ресурстық орталығы 10 отбасыға 150 мың теңгенің көмегі берілді. Сонымен қатар Халық банкі атынан 2021 жылдың 1 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар ішінен мүгедектігі бар балалардың әр отбасына 23554 теңгеге азық-түлік, жалпы 62 отбасыға бір жарым миллион теңгеге жуық көмек көрсетілді.