ТҮРКІСТАН: Қазығұртта қауіпсіздікті сақтау бағытында семинар өтті

0
721

Төтенше жағдайлар қауіпсіздік шарасын күшейту керектігін аңғартты.


ТҮРКІСТАН: Қазығұртта қауіпсіздікті сақтау бағытында семинар өтті

Түркістан облысдық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқыту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сәуір айының соңында нөсер жауынның салдарынан Қазығұрт ауданының ауылдық округтерінде орналасқан елді мекендерді сел шайып, салдарынан Қазығұрттағы бірнеше ауылды су басып, үйлерге су кірген болатын. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік шарасын күшейту керектігін аңғартты.


Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті біріге отырып, Түркістан облысының ерікті жастарымен Қазығұрт ауданында «Qay’ipsiz meken» тақырыбында кездесу семинар-тренингін өткізді. Тренинг барысында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Суға бату кезінде, өрт болған кездегі іс-әрекеттер, алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбындағы оқыту жұмыстарын жүргізді.


Семинар-тренингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев, «Қызыл-ай» ұйымының жетекшісі Малика Жүнісова, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Ақпарат және талдау орталығының» басшысы Сейдулла Айкөзов және Түркістан облыстық Жастар орталығының басшысы Ерасыл Төлебаев қатысып, пікірлерін айтты. Ауыл тұрғындарына кеңестер берілді.