ТҮРКІСТАН: Келесте тасқын судан келетін қауіп сейілді

0
809

Судың екпінін азайту мақсатында қажетті іс-шаралар ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Келесте тасқын судан келетін қауіп сейілді

Келесте таңға дейінгі жұмыстар нәтижесінде тасқын судан келетін қауіп сейілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жауған жауын-шашын әсерінен Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінің Қоңыртөбе елді мекенінен өтетін аудандық маңызы бар жол бойындағы үйлерді су басу қауіпі туындады. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аталған аумақта болып, судың екпінін азайту мақсатында қажетті іс-шаралар ұйымдастырылды.


Жалпы суды сейілту жұмыстарына 200-ге жуық ауыл тұрғыны, «Келес қызмет» мекемесінің 30 қызметкері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен Ошақты ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мен 3 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде Сарыағаш ауданы аумағынан келген қалың суды Сарыжылға қашыртқысы арқылы Құркелес өзеніне бұру жұмыстары сәтті атқарылып, тұрғын үйлерді су басу қауіпі алды алынды.


Бозай, Жамбыл және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі елді мекендер аумағында еріген қар және жаңбыр суынан туындаған тасқын қаупінің алды алынып, су екпіні төмендеді. Ал аудан орталығы мен оған іргелес жатқан елді мекендер аумағындағы жиылған су ассенизатор және су сорғылар арқылы тазаланды. Қазіргі сәтте аудан аумағындағы су жиылған нүктелеріне кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай толықтай бақылауға алынған. Жалпы жағдай қалыпқа түсіп, тасқын судан болатын қауіп сейілді.