Іс-шара барысында түркістандық полицейлер заңсыз 64 қаруды тәркіледі
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Осы жылдың 17-21 қыркүйек аралығында Түркістан облысының аумағында «Қару»республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қарумен жасалынатын қылмыстың алдын алу және заңсыз сақталған қаруды анықтау болып табылады. «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 5 күнінде түркістандық полицейлермен 64 дана заңсыз қару тәркіленді. Оның ішінде - 2 ойықұңғылы, 55 аңшылық, 4 газды тапанша, 2 травматикалық және 1 электрлі. Түркістан ҚІІБ қызметкерлерімен ауыл тұрғынынан тіркелмеген 16 калибрлі аңшылық қаруы және 2 оқ-дәрі тәркіленіп алынды.Ал Мақтарал ауданында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан 1959 жылы шығарылған ТОЗ-8 карабинін тәркілеп алды.
Қазіргі таңда сараптамалар тағайындалды. Барлық Түркістан облысы ІІД құрылымдарында «қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» бабы бойыншаСДТБТ-не тіркелді.Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ІІД «Қару» операциясы барысында учаскелік инспекторлармен 7 мыңнан астам қару иелері тексеріліп,заңсыз қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 429 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.