Түркістан облысында ​«Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы сайланды

0
5 363

Алқалы жиынға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев қатысты


Түркістан облысында ​«Нұр Отан» партиясы  филиалының төрағасы сайланды

ERNUR.KZ. Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Алқалы жиынға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев, облыс әкімі Ж.Түймебаев, партия делегаттары мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.


Басқосудаконференцияның күн тәртібіне қойылған 3 мәселе қаралды. Тарихи маңызға ие жиындағы бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасы ретінде Ж.Түймебаевты ұсынып, Елбасы тапсырмаларын орындауда талмай қажырлы еңбек етуге тілектестік білдірді. «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы болыпЖансейіт Қансейітұлы Түймебаев сайланды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе - «Нұр Отан» партиясын модернизациялау және ҚР Президентінің «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруды бақылау тақырыбы аясында баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев партияның ұсынып отырған бес бағытын атап өтті. Республика көлеміндеIT-сыныптарын ашуды жандандыру, робототехниканы дамыту, мектеп асханаларындағы балалардың дұрыс тамақтануын қадағалау жайына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі «Нұр Отан» партиясыТүркістан облыстық филиалы саяси кеңесінің құрамын сайлау туралы соңғы мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Жарыссөзге шыққан облыстық мәслихаттың деутаты О.Аяшев және «Нұр Отан» партиясы Мақатаарал ауданық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев жастардың үш тілді меңгеруі, мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмысы төмен отбасыларға көмек беру мәселелері туралы ойларын ортаға салды. Ал, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты А.Абпазов «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын ұжымдағы жас отбасыларға көпқабатты тұрғынүй салуды ұсынды.

Осы және өзге де ел экономикасын дамыту тұрғысы талқыланған жиындасонымен қатар «Рухани жаңғыру» аясында келелі ойлар айтылды.