Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.
Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 2023 жылдың 17 шілдесінде сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түскен.
Жол апаты орын алған аймақты тексеру кезінде облыстық маңызы бар «Екпінді-Созақ» тас жолы бойында «Nissan», «Toyota Camry» және «Volkswagen Grafter» маркалы үш автокөлік соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген. Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. 2 адам медицина көмегінен бас тартқан. Алдын ала мәліметтер бойынша «Nissan» автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.
«Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. Қазіргі тада жол-көлік оқиғасы бойынша Бәйдібек АПБ-нің полицейлері жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша СДТБТ-ға тіркелді», делінген Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.