ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын жеке цехында термопанель өндіріп жатыр

0
2 237

Күніне 30 шаршы метрге жуық өнім шығарылады.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын жеке цехында термопанель өндіріп жатыр

Ордабасы ауданының тұрғыны жеке цехында термопанель өндіреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Ордабасы ауданында кәсіп ашып, өз ісін жандандырып отырғандардың саны артып келеді. Соның бірі Бөген ауыл округінің тұрғыны жеке кәсіпкер Жанболат Әлімқұлов. Ол өз қаражаты есебінен термопанель жасайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазіргі таңда алты адам жұмыспен қамтылған. Күніне 30 шаршы метрге жуық өнім шығарылады. Осылайша бір айда төрт үйдің сыртын қаптауға жетерлік құрылыс материалы өндіріледі.


Кәсіпкер термопанель өндірісі үшін басын тәуекелге тігіп, қыруар қаржы жұмсаған. Бүгінде құйылған қаражат өзін ақтап, табысы еселенген. Ол ең алғаш мұндай кәсіп түрін әлеуметтік желіден көріп, қызығушылығы оянған.