ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 1000 бас малға арналған бордақылау алаңы ашылды

0
769

15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 1000 бас малға арналған бордақылау алаңы ашылды

Сарыағаш ауданында ірі қара мал саны 60 мыңға жуықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жүргізудің нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өскен. Мәселен, 10 айда ірі қара мал саны 58,3 мың басқа жеткен.


Сондай-ақ, ет өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында Жібек жолы елді мекенінде 1000 басқа арналған «Бес Қара» ЖШС-ң мал бордақылау алаңы ашылған. Ол үшін 700 млн теңге инвестиция тартылып, қазіргі таңда шаруа қожалыққа 337 мал басы сатып алынған. Алдағы уақытта кешендегі мал басын 1000 басқа жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда қожалықта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.