ТҮРКІСТАН: Тауға шыққан турист мұздықтың жарығына құлап, қайтыс болды

0
1 305

5 адамнан тұратын демалушылар тобы тауға шыққан.


ТҮРКІСТАН: Тауға шыққан турист мұздықтың жарығына құлап, қайтыс болды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Төлеби ауданында төтенше жағдай орын алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

25 тамыз күні сағат 06:00-де Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылынан 30 шақырым қашық жердегі "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің аумағында төтенше жағдай орын алды. Нақтырақ айтсақ, "Сайрам-Су" тау шатқалы, "Сайрам" мұздығындағы (таулы жер, теңіз деңгейінен 4236 м биіктікте) "долина предков" деп аталатын жергеШымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ (6 құтқарушы және 1 бірлік техника), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Шымкент қалалық «Альпинизм және спорт туризмі федерациясы» БҚ (5 альпинист), ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиаспас» АҚ (1 вертолет), АПБ (2 қызметкер және 1 бірлік техника) және "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінен 5 жұмысшы күшімен 23 тамыз күні сағат 18:05-те тауға көтерілу кезінде шатқалға құлаған (күндіз 5 адамнан тұратын демалушылар тобы тауға шыққан, үшеуі жарақатсыз, өз күшімен түскен) 1981 жылғы тұрғында іздестіру жұмыстары басталған.

Оған дейін 24 тамыз күні сағат 14:52-де құтқарушылар күшімен (теңіз деңгейінен 3500 м) шатқалға құлаған 1978 жылғы турист табылған болатын. Оның қабырғалары сынған, үсіген, жалпы жағдайы ауыр. Сағат 21:30-да құтқару тобы зардап шеккен азаматты таудан түсіріп, жедел жәрдем тобына тапсырған.

Ал 25 тамыз күні сағат 14:50-де құтқару тобы (теңіз деңгейінен 3800 м биіктіктен) мұздықтың жарығына (тереңдігі шамамен 6 метр және ені 50 см) құлап қайтыс болған 1981 жылғы туристің денесін тапты.Содан кейін, сағат 20:24-те құтқару тобы қаза болған азаматтың денесін төменге түсіріп, сағат 20:33-те полиция қызметкерлеріне тапсырған. Аталған оғиға бойынша сот медициналық сараптама тағайындалып жатыр.