ТҮРКІСТАН: ​Түлкібасқа келуші туристер саны жылдан-жылға артуда

0
1 484

Аудан туризмі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 9 пайызға жоғарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: ​Түлкібасқа келуші туристер саны жылдан-жылға артуда

Түркістан облысы, Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 5 362 турист келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Түлкібас ауданына атбасын бұрған 5362 туристің ішінде 473-ші шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 840 туристке немесе 9 пайызға артып отыр.

Баршамызға белгілі орналастыру орындары болмаса туризм де болмайды. Аудан аумағында 2 қонақ үй: «Карима» және «Ережеп Ата», 2 емдік-сауықтыру орыны: «Ақсу-Жабағылы оңалту сауықтыру кешені» және «Ақ-бұлақ балалар өкпе құрт емдік шипажайы», 7 балалар сауықтыру лагері: «Машат-Арасан», «Таң нұры», «Машат Ерке», «Арман», «Б.Саттарханов», «Отырар», «Орбита», 18 демалыс аймақтары келіп демалушы қонақтарға қызмет көрсетеді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің Түлкібас ауданы аумағында да жол бойы қызмет көрсету орталықтары ашылып, жұмыс істеуде.

Сонымен қатар Гүлдер, Водник балалар лагерлерін де қайта құрылымдау, қалпына келтірту жұмыстары жүргізілуде.

Аудан аумағында туризм саласын дамытуға бағытталған біршама инвестициялық жобалар биыл іске қосылуы жоспарланып отыр