ТҮРКІСТАН: Жекеменшік үйде жарылыс болды

0
848

Зардап шеккендер бар.


ТҮРКІСТАН: Жекеменшік үйде жарылыс болды

иллюстрациялық фото

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласындағы Яссы шағын ауданындағы жекеменшік үйде жарылыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салдарынан отбасының 4 мүшесі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Нақты қай газ түрі екені анықталу үстінде. Айта кетерлігі, үйде газ баллоны да қолданыста болған. Үйден редукторы жұмыс жасамайтын 25 литрлік газ баллоны табылған.

2022 жылдың 23 қарашасында берілген техникалық шартылық негізінде, жекеменшік мердігер мекеме «Газмонтаж Нур» ЖШС тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген.
Бүгінгі таңда тұтынушы тарапынан газ желісіне алғашқы қосылу бойынша төлем жасамауына байланысты, Филиал тұтынушыны газ желісіне қоспаған.
Тұтынушы газ желісіне өз бетінше қосылғандығы анықталды.
Оқиға болған жерде ТЖД мен газ саласының мамандары сараптама жұмыстарын жүргізуде.