ТҮРКІСТАН: Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі 190 медаль олжалады

0
526

Төртжылдықтың басты додасында спортшыларды жан-жақты дайындауда.


ТҮРКІСТАН: Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі 190 медаль олжалады

Биыл Түркістан облысының жоғарғы спорт шеберлігі мектебі 190 медаль олжалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2023 жыл Түркістан облысының спортшылары үшін табысты болды. Бұл туралы олимпиадалық бағытта жұмыс істейтін Түркістан облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебі ұжымы жылды қорытындылау педогогикалық жиынында айтылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы аталмыш спорт мекемесінің шәкірттері 190 медаль олжалап, жақсы жетістікке жетті.


Жыл сайын шәкірттері мен бапкерлері толағай жеңістерге жетіп келе жатқан білікті басшы Шынболат Райханов басқаратын бұл ұжым биыл да жоспарланған межеге жетіпті.


Қазіргі таңда спорт мектебінде спорттың 11 түрінен, 24 жаттықтырушы 23 оқу тобы бойынша қызмет етуде. Түркістандықтар Париж Олимпиадасы қарсаңында өтетін бірқатар лизензиялық турнирге қатысады.


Төртжылдықтың басты додасында бокс, таеквондо, еркін және әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо және өзге де спорт түрлерінен спортшыларды жан-жақты дайындауда.


Бүгінде аталған ұжымда 53 спорт шеберлігіне үміткер, 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 52 еліміздің спорт шебері дайындалып шықты. Ал ұлттық құрама сапындағы 65 спортшының 37-сі негізгі құрамда өнер көрсетсе, 28 спортшы жастар арасында ел намысын қорғауда.


Жиын соңында үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға және мекеме қызметкерлеріне арнайы тағайындалған алғыс хаттар мен статуэткалар табысталды.