Түркістанда дін өкілдері арасында спартакиада басталды

0
372

Спорттың төрт түрінен бақ сынасады.


Түркістанда дін өкілдері арасында спартакиада басталды

Түркістан Рухани келісім күні мерекесіне орай шағын футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы «Яссы» спорт кешенінде 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесіне орай шағын футбол турнирінің ашылу салтанаты өтті.


Спартакиаданың жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді. Шараның ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, бәсекеге қатысушыларға сәттілік тіледі.


– Алдымен баршаңызды Рухани келісім күнімен құттықтаймын. Ел бірлігі нығайып, мемлекетіміз дами берсін. Рухани келісім күніне арналған спорттық іс-шараға қатысушыларға сәттілік тілеймін. Футбол – азаматтарды белсенді және салауатты өмір салтына баулуда үлкен әлеуметтік маңызы бар ең танымал спорт түрлерінің бірі. Шын мықтылар жеңіске жете берсін! – деді ол.


Жарысқа облыс көлеміндегі діни бірлестік өкілдері мен мекеме қызметкерлерінен құралған 7 команда қатысуда. Жарысқа қатысушылар кіші футбол, арқан тартыс, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрестен (армрестлинг) командалық жарысқа түсіп, спорттың төрт түрінен бақ сынасады.


Турнирдың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталады.

Бөлісу